Қытайдағы коронавирустың қаупі жоғары деңгейге көтерілді
Коронавирустың тарауына қарсы күрес үшін Қытай 8,7 миллиард доллар қаржы бөлген
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың ғаламдық қауіп-қатерін бағалауда қателіктер жіберілгенін және оның деңгейі орта емес жоғары екенін мойындап хабарлаған.
Бұл жағдай Қытай аймағына ғана емес бүкіл ғаламға қауіп төндірер кесірлі дерт екені ашық айтылып, оның әлемге тарауына қарсы шаралар күшейтілген. Қазірге дейін атаулы вирустың кесірінен 106-ға жуық кісі өлімі тіркеліп, оны жұқтырғандар саны 4,5 мыңдайға жеткен. Барлық шетел миссиялары өз азаматтарын вирус тараған аумақтан алып шығуға тырысуда. Алайда обаның ауқымды тарап кету қаупіне байланысты Қытай билігі қаладан ешкімнің шықпауы және онда ешкімнің бармауын қатты бақылауға алған.
Коронавирустың тарауына қарсы күрес үшін Қытай 8,7 миллиард доллар қаржы бөлген. Вирустың ауқымды белең алуына жануарлардың септігі көптеп тиген деген болжам айтылуда. Өйтткені Уханьдағы жануарлар сатылатын базадан оның белгілері анықталған.