Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда өтетін халықаралық спорттық жарыстар 2020 жылдың соңына дейін тоқтатылды
19:01 / 2020-07-09

Asian Open «Челленджер» турнирі мен мәнерлеп сырғанаудан «Cup of China» жарысының өтуі жөнінде нақты шешім айтылмаған


Қытайдың Бас спорт дирекциясы коронавирустың тарауына байланысты 2020 жылдың соңына дейін жоспарланған барлық халықаралық спорттық жарыстардың тоқтатқанын мәлімдеді.

Теннис бойынша 9 – 13 қыркүйек аралығында Asian Open «Челленджер» турнирі мен мәнерлеп сырғанаудан 6 – 8 қазан күндері аралығында өтуі керек болған «Cup of China» жарысы мен Гран-при сериясының финалы 10-13 желтоқсан аралығында Бейжіңде өтеді деп жоспарланған болатын. Қазірге бұлар жөнінде нақты ақпарат айтылмаған.

«Xinhua» ақпарат агенттігінің Қытайдағы дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстары және тағы бірнеше маңызды шаралар ерекше жағдайда өтуі белгіленген.