Қытайда тараған коронавирустың жұқпалы екені анықталды
Қытайда бұл вирусты жұқтырғандар саны 200-ге жуықтады. Ал қаза тапқандар саны бүгін үшеуге жетті
Қытайдың Ухань қаласында тараған коронавирустың адамнан адамға жұғуы анықталып, оны қазірде 14 медицина қызметкері жұқтырған. Бұл туралы Қытайдың денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитетінің арнайы сарапшылар комиссиясының жетекшісі Чжун Наньшань мәлімдеді.
«Қазіргі қолдағы бар мәліметтерге сәйкес, коронавирустың жаңа түрі адамнан адамға жұғатынына көз жеткіздік. Өйткені Гуандун провинциясында осындай екі жағдай орын алып адамдар атаулы вирусты жұқтырған. Бірақ олар Ухань қаласына бармаған, алайда отбасы мүшелері сол жерге барып вирус жұқтырған. Сондықтан вирустың адамнан адамға өтуі мүмкін деп айтуға болады»-дейді маман.
Қытайда бұл вирусты жұқтырғандар саны 200-ге жуықтады. Ал қаза тапқандар саны бүгін үшеуге жетті.