English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда тараған коронавирустан екінші адам қаза тапты
13:28 / 2020-01-18

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігінен Ухань қаласындағы жағдайлар жайлы үздіксіз хабар беріп тұруды сұраған


Қытайдың Хубей провинциясының Ухань қаласында жаппай тарап жытқан коронавирус тобына жататын белгісіз вирустың салдарынан қазірге екінші жан құрбан болған. Алғашқысы 11 қаңтарда, екіншісі 15 қаңтар күні тіркелген.

Бұл жағдайға алаңдаушылық танытқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігінен Ухань қаласындағы жағдайлар жайлы үздіксіз хабар беріп тұруды сұраған.

Ал Тайланд үкіметі әуежадағы және ауруханадағы сақтық шарасын күшейткен, өйткені осыған дейін екі тайландтық азаматтан вирус жұқтырғандығы анықталған. Жапониядада сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Онда Жапонияда тұратын 30 жастағы Қытай тұрғыны Қытайдың Ухань қаласына барғаннан кейін белгісіз вирус жұқтырған. Қазірде осы жөнінде медициналық сараптама жүріп жатыр.