French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін
23:07 / 2020-04-13

Африка мен Оңтүстік Америка елдеріндегі медициналық заттардың тапшылығынан оларда біраз қиындықтар туындауы мүмкін


COVID-19 атты жаңа түрдегі коронавирустың жаңа толқыны Қытайда тағыда қайталануы мүмкін. Шанхайлық маманның айтуынша ауруды толығымен жеңуге болмайды және ол күннің салқындауы мен жағдай қайтадан нашарлай түседі деп болжауда.

"Sina" басылымының хабарлауынша, коронавирустық инфекция тарауының екінші толқыны қараша айында қайта басталады, дейді Шанхайдағы жұқпалы ауруларды емдеу жөніндегі сарапшылар тобының жетекшісі Чжан Вэньхун. Оның пікірінше COVID-19 төмен температураға бейімделгені себеп, ол қысқа қарай тағыда өршуі мүмкін. Бірақ келесі толқын қазіргіге қарағанда жеңілдеу болады. Алайда сол мезгілде Африка мен Оңтүстік Америка елдеріндегі медициналық заттардың тапшылығынан оларда біраз қиындықтар туындауы мүмкін, деген Чжан Вэньхун.

Өткен жылдың желтоқсан айы соңында Уханьдағы жабайы хайуандар ет базарынан пайда болған коронавирус қазіргі кезге дейін әлемнің 180-нен астам ел аумағына тарап 1 млн 883 мың 119 адамға жұққан. Қаза болғандар саны 117 мыңнан асса, емделгендер 444 мыңға жуықтап қалды.