Қытайда коронавирустан сауыққандар саны артып келеді
Өйткені Қытайда коронавирусқа қарсы препарат сатылымға шыққан еді
Қытай ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметі бойынша, COVID-19 коронавирус індетінен сауыққандар саны қазірге дейін 12552 мың кісіге жеткен.
18 ақпанның таңғы мәліметтеріне қарағанда Қытайда жалпы вирустан ауырғандар саны 72436 жетіп, эпидемия басталғаннан бері 1868 жан қаза тапқан. South China Morning Post басылымының хабарлауынша Қытайдың аймағынан сыртта коронавирустан зардап шеккендер саны 997 жеткен. Олардың ең көбі Жапонияда тіркелген – 619, соның ішінде 454 кісі «Даймонд Принцесс» лайнеріндегі жолаушылар болған.
Осыған дейін Қытайда «Zhejiang Hisun Pharmaceutical» фармацевтикалық компания атаулы COVID-19 коронавирусына қарсы «Favipiravir» препаратын сатуды бастауға рұқсат алған еді.