Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда ішкі туризм қайта жандана бастады
14:12 / 2020-10-09

ҚХР-дың құрылғанына 71 жыл толуына орай және "алтын апталық" демалыс аясында елдің көрікті жерлеріне 637 миллион турист саяхаттаған


Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі елдегі ішкі туризм қайта жанданғанына байланысты осы саладағы көрсеткіштер өскенін мәлімдеді.

1 қазанда Қытай Халық Республкасының құрылғанына 71 жыл толуына орай және Күз ортасы мерекелік фестивалі мен сайынғы дәстүрлік «алтын апта» бүкілхалықтық демалыс аясында елдің көрікті жерлеріне 637 миллион турист саяхаттаған.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 80 пайызға шамалас болып, мемлекеттік туризм басқармасының ресми статистикасы бойынша «алтын аптаның» алғашқы жеті күнінде туризмнен 549,4 миллиард юань (81,7 миллиард доллар) табыс түскен.