Қытай Өзбекстанға гуманитарлық көмек ретінде 20 тонна медициналық заттар жіберді
Бұл заттарды карантиндік режиміне жұмылдырылған әскери қызметшілер, полиция, медицина қызметкерлері мен елдегі басқа да мұқтаж адамдарға тарату жоспарланған
29 наурызда Қытайдың «Норинко», «Виэк Точмаш», «Хайтера», «Поли Технология» және басқа да қорғаныс компаниялары Өзбекстанға коронавирустық эпидемияға байланысты гуманитарлық көмек ретінде 20 тонна медициналық заттар жіберді.
Осы заттар құрамында бір рет қолданылатын медициналық қолғаптар, көзілдіріктер, бетке арналған репираторлы маскалар және дене температурасын өлшейтін тепловизорлар бар.

Атаулы медициналық заттар 30 наурыз күні Өзбекстандағы карантиндік режиміне жұмылдырылған әскери қызметшілер, полиция, медицина қызметкерлері мен елдегі басқа да мұқтаж адамдарға тарату жоспарланған.