Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысы жеделдетіледі
15:44 / 2020-07-02

Транспорт министрілігінің хабарлауынша, алдағы күндері аймақ елдері үшін тиімді осы жобаны жүзеге асырудың бағыттарын, таңдауға байланысты талқылау үшін жиын өтеді


Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің арасындағы сауда қатынастарын арттыруда маңызды болып табылатын мультимодальды көлік дәлізінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау жоспарланған.

Өзбекстан Транспорт министрілігінің хабарлауынша, алдағы күндері аймақ елдері үшін тиімді болып табылатын осы жобаны жүзеге асырудың оңтайлы бағыттарын, техникалық және қаржылық жағдайларын таңдауға байланысты мәселелерді талқылау үшін бейнебайланысты жиын өтеді.

Онда Қытайдың көлік саласы мамандары да қатысатын болып, отырыста талқыланар негізгі мәселе Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысы жайында болмақ.

Өзбекстан мен Қырғызстанның Транспорт министрлері Орталық Азия және Кавказ аймағы елдері бойынша жүктің контейнерлерде үздіксіз тасымалдауды жолға қою мен көліктердің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жөнінде ортақ келісімге келген.