English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай мен Үндістан шекарасындағы жағдай ушығып барады
15:33 / 2020-06-26

Екі ел шекарасында болған келеңсіздіктен кейін мемлекеттер сол аймақта әскери қару-жарағын күшейте бастады


Қытай мен Үндістан шекарасында болған келеңсіздіктен кейін екі ел сол аймақта әскери қару-жарағын күшейте бастады.

«The Times of India» басылымының хабарауынша Үндістан, Қытаймен шекаралас Ладакх аймағына әскери техникамен қосымша бөлімдерді орналастырған. «Коммерсантъ» басылымының дерегінше Қытай және Пәкістан мен арадағы ахуалдың нашарлауына байланысты Үндістан Ресейден МиГ-29 және Су-30МКИ қырушы ұшақтары мен S-400 әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуды жеделдеткен.

Өз кезегінде Қытайда шекара маңына әскери ұшақтарды, соның ішінде J-20 жойғыш ұшағын, Z-20 тікұшақтарын, Wing Loong II дрондары мен таулы аймақтарда соғысқа арналған Type 99A типті жеңіл және Type 15 типті танктерді тастағаны жайлы жазады «South China Morning Post» басылымы.

«Reuters» ақпарат агенттігі АҚШ-тың «Mahar Technologies» жерсеріктік компаниясына сілтеме жасап, Қытай әскерилері Пәкістан, Қытай және Үндістан арасындағы даулы Кашмир штаты маңындағы Ладакхтағы бақылау-өткізу пунктінде жаңа лагерь салып жатқанын айтады. Ондағы суреттерге қарағанда Қытай армиясы бақылайтын жерде шатырлар пайда болып, бір апта бұрын жоғалған нысандар құрылысы басталған.

Үндістан мен Қытай шекарасындағы дау 15 маусымнан 16 күнге өтер кеште Гальван өзені аймағында екі елдің әскерлері арасында шыққан. Соның салдарынан екі тараптан 20-дан астам әскер қаза тауып 100-ге жуық солдат жараланған.