Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай коронавирустан қаза болғандарды жерлеуге тыйым салды
10:43 / 2020-02-03

Тіпті марқұмның жанған денесінің күлін туысқандарына бермей жерлеу рәсімін болдырмауды бұйырған


Қытай үкіметі коронавирустан қаза болғандардың мәйітін жерлеуге тыйым салып, оларды мүмкіндігінше жылдам әрі жақын жердегі крематорийде жағу керектігін бұйырған. Тіпті марқұмның жанған денесінің күлінде жерлеу рәсіміне тыйым салған. Ол туысқандарына берілмейді.

Мұндай шешімге келудің себебі тәжі індетінің асқынуы жерлеу рәсіміне келген адамдарға жұғу қаупі болғандықтан осыны қатаң ескерткен Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарламасында.

Қазірде 2019-nCoV деп аталатын короновирустың жаңа түрі болған пневмонияның кесірінен қаза тапқандар саны 370-ке жетіп, ауруды жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты. Бұлар арасында АҚШ, Австралия, Тайван, Макао, Малайзия, Германия т.б. тіпті Филлипинде бір азамат қайтыс болған. Қытай билігі аурудың алдын алу шараларын қатаң бақылауға алып, оның қайнар көзі болған Уханьда бұл ауруға шалдыққан жандарды емдеу үшін 10 күн ішінде мың адамға арналған аурухана салып бүгін оны пайдалануға бермек.