Қытай коронавирус вакцинасын ең бірінші Африкаға беруге уәде етті
Бұл туралы Қытай президенті Қытай мен Африка арасындағы коронавирусқа қарсы бірлескен күрес туралы видеоконференцияда мәлімдеген
Қытай төрағасы Си Цзиньпин коронавирустық вакцина табылып, қол жетімді болғаннан кейін ең бірінші оны Африка елдеріне беруге уәде берді.
Бұл туралы Қытай президенті Қытай мен Африка арасындағы коронавирусқа қарсы бірлескен күрес туралы видеоконференцияда мәлімдеп: «Қытай жерінде коронавирусқа қарсы емдік вакцина жасалып, ол қолданысқа енгеннен кейін Африка елдері бұл вакцинаны пайдаланатын елдер қатарында алғашқылардың бірі болуға уәде етеді», - деген Си Цзиньпин.
СИ Цзиньпиннің айтуынша Бейжің Қытай-Африка достық ауруханаларының құрылысын тездетіп, Қытай мен Африка ауруханалары арасындағы ынтымақтастықты жандандыратынын айтқан.
Бұған дейін Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет басшысының орынбасары Цзэн Исинь қытайлық ғалымдар 2500-ден астам еріктілердің қатысуымен COVID-19 коронавирус инфекциясы үшін бес түрлі вакцинаны сынақтан өткізгенін және егер жұмыс сәтті алға басса, клиникалық сынақтардың екінші кезеңі шілде айына дейін аяқталады деп мәлімдеген.