Қытай коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны бастады
Қытайда он мыңдаған адамдар коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады
Қытайда он мыңдаған адамдар коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды «New York Post».
Қытайлықтар вакцинаны шілде айынан бастап ала бастаған болса да, вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі дәлелденбегендігі айтылады, дегенмен оның бүгінге дейін теріс әсері байқалмаған..
Қытай ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мүшесі Чжэн Чжунвэй Қытай вакцинаны ДДСҰ-мен келісе отырып енгізілгенін айтты. Оның айтуынша, «қауіптілігі жоғары» кәсіп иелері, оның ішінде медициналық қызметкерлер вакцинаны 22 шілдеден бастап қабылдау құқығына ие болған.
Чжен Чжунвэй клиникалық сынақтар кезінде вакцинаның кері әсер еткен жағдайлары байқалмағанын айтқан.