Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай компаниясы Өзбекстан тасжолдарын жарықшам мен қамтымақ
13:10 / 2020-01-12

«Tulufan Xindian Ganta» компаниясы осы жобаға 7 миллион доллар инвестиция салмақ


Қытайдың «Tulufan Xindian Ganta» компаниясы Өзбекстан аумағындағы тасжолдарын дамытуға бағытталған жарытушы жарық шамдарын жасауға ниетті. 

Бұл жөнінде ӨР Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде өткен кездесуде компания басшысы Ли Кици осы салаға инвестиция салуға дайын екенін жеткізіп, Өзбекстан магистрал жолдары үшін жарықтандыру құрылғыларын жасау жобасына 7 миллион доллар қаржы салуын айтқан. 

Сұхбат барысында тараптар атаулы инвестициялық жобаны талқылау кезінде мұндай құрылғыларды жасау үшін Хорезм облысындағы «Хазорасп» еркін экономикалық аймағын таңдап, жобаны наурыз айынан бастап жүзге асыруға уағдаласты. Екі жақтық келісім мерорандумына қол қою рәсімін науыз айына белгіленді.