English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай Гонконг мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында талқылаудан бас тартты
14:35 / 2020-05-28

Бұл Гонконгтың ұлттық қауіпсіздік туралы заңы тек Қытайға ғана қатысты ішкі мәселе, деген


Қытай билігі Гонконгтағы жағдайды БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі отырысында талқылаудан бас тартты.

Бұл жағдайды Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Чжан Цюнь өз «Twitter» парақшасында «Қытай АҚШ-тың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын шақыру туралы негізсіз өтінішін үзілді-кесілді қабылдамайды» деп жазып, ол Гонконгтың ұлттық қауіпсіздік туралы заңы тек Қытайға ғана қатысты ішкі мәселе екенін айтқан. Ресей тарапы да Бейжіңнің Гонконгтағы мәселе тек Қытайдың ішкі мәселесі және ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өкілеттігіне қатысы жоқ деген.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайэн егер Бейжің Гонконгты ұлттық қауіпсіздік заң жобасымен «басып алса» Қытайға санкциялар саламыз деп айтқан еді.