Қытай елі Өзбекстан нарығына инвестиция салуда көшбасшылық етуде
Өзбекстанда шетелдік капитал негізінде жаңадан құрылған кәсіпорындар мен ұйымдардың саны жыл сайын артып келеді. Бұл тұрғыдан Қытай елі Өзбекстан нарығына инвестиция салуда көшбасшылық етуде.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2020 жыл 1 қазандағы жағдай бойынша елдегі тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 11,9 мыңды құрайды. Дәл қазіргі кезде оның 11,3 мыңы жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 мыңға өскен.
Шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар санына тоқталсақ, Қытай 1757 кәсіпорынмен елде көш бастап тұр. Тізім бойынша келесі кезекте Түркия - 1464, Корея - 863, АҚШ - 276, Германия - 193 кәсіпорынмен шектелген.
Жоғарыдағы тіркелген өнеркәсіп орталықтарының көпшілігі, яғни 371-і сауда, 343-і өнеркәсіп, 135-і құрылыс саласында жұмыс атқарады.