Қытай делегациясы Өзбекстанға сапармен келуде
Алдағы келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы мен ынтымақтастық келешегін талқылау жоспарланған
Өзбекстан СІМ-нің хабарлауынша 2-3 наурыз күндері Қытай Халық Республикасы Коммунистік партия Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшесі, ҚКП ОК-нің Сыртқы істер бойынша комиссия Концеляриясы басшы Ян Сзечи басшылығындағы делегация Өзбекстанға сапармен келеді.
Алдағы келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы қатынастардың келешегі талқыланады деп жоспарлануда.