Қытай біржола үш спутнигін орбитаға ұшырды
Қытай бұған дейін Марсқа алғашқы миссиясын сәтті ұшырған болатын
Қытай «Чанчжэн 4В» зымыран тасығышының көмегімен үш азаматтық жерсерікті орбитаға сәтті ұшырды, деп хабарлайды Қытайдың аэроғарыштық ғылымдар және технологиялар корпорациясы (CASC).
Ғарыштық старт сенбі күні таңертең жергілікті уақыт бойынша 11.13те Қытайдың солтүстігінде орналасқан Шэньси провинциясындағы «Тайюань» ғарыш айлағынан ұшырылған болып, араға біраз уақыт салып үш жерсеріктік спутникте межедегі орбитаға сәтті жеткені айтылды.
Ондағы үш жерсеріктің қызметі: Біріншісі. «Цзыюань-3» (ZY3-03, 2.36 тонна) ең ауыр жерсерік. Бұл спутник картографиялық жұмыстарға арналған стереоскопиялық спутниктер сериясының бірі болып, ол орман және ауылшаруашылығында, геологияда, сондай-ақ табиғи апаттар жағдайында құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.
Екінші спутник (Tianqi-10, 8 кг) интернеттік қызметтерге арналған - желіге қосылған құрылғылар мен сенсорлардың жұмыс атқаруын қадағалап ұйымдастырып отырады. Үшінші аппарат - бұл «Longxiayan» рентген-астрономия микроспутнигі.
Еске сала кетсек, Қытай бұған дейін Марсқа алғашқы миссиясын сәтті ұшырған болатын. Миссияның негізгі мақсаты - Марстағы тіршілік белгілерін анықтау мен қатар планетаның адамзат өміріне қолайлы ортаға айналу мүмкіндктерін зерттеу.