Қытай АҚШ-тан рекордты көлемде мұнай сатып алмақ
Қытай АҚШ пен арадағы сауда келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындауға тырысып қыркүйек айында 37 миллион баррель американ мұнайына тапсырыс бермек
Қытай АҚШ пен арадағы сауда келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындауға тырысып қыркүйек айында 37 миллион баррель американ мұнайын сатып алуы мүмкін.
«Bloomberg» агенттігінің мәліметінше, Қытай АҚШ пен арадағы сауда келісімі бойынша бір тоқтамға келу алдында тұр. Өйткені ондағы қытайлық саудагерлер шамамен 37 миллион баррель американ мұнайын тасымалдайтын 19 танкерге тапсырыс беруі мүмкін, дейді. Егер бұл жағадй орындалса, онда бұл көрсеткіш мамырдағы 35,2 миллион баррельден жоғары болады.
«Energy Aspects» сарапшысы Юнтао Людің пікірінше Қытай американ мұнайын өзінің стратегиялық отын қорын толтыру үшін қолданады, дейді. Өйткені 32 миллион баррельге жуық жаңа қойма осы тоқсанда пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Қытай нарығында американдық маркалы бензинге және мұнай-химия өнімдеріне деген сұраныстың өсіп жатқандығы байқалады, деген Юнтао Лю.