Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай АҚШ-тан Чэндудағы бас консулдығын жабуды талап етті
09:47 / 2020-07-24

Бұған дейін сейсенбі күні АҚШ Қытайға Хьюстондағы бас консулдығын жабуды бұйырып 72 сағат уақыт берген болатын


Қытай Сычуань провинциясының Чэнду қаласындағы АҚШ Бас консулдығының жұмысын тоқтатуды талап етті, деп хабарлады Қытай СІМ.

Бұған дейін сейсенбі күні АҚШ Қытайға Хьюстондағы бас консулдығын жабуды бұйырып 72 сағат уақыт берген болатын. Мемлекеттік департаменттің өкілі Морган Ортагус Вашингтон америкалықтардың зияткерлік меншігі мен жеке мәліметтерін қорғау үшін осындай қадам жасағанын айтқан.

Ал Қытай тарапы мұны саяси арандатушылық деп атап, оған лайықты жауап қайтару әрекеттерін жасауға уәде бере осыған орай 24 шілде күні таңертең Бейжің АҚШ елшілігіне Қытайдың «Чэндудағы АҚШ Бас консулдығының құрылуы мен жұмыс істеуіне берілген лицензияны қайтарып алу туралы» шешім қабылдағаны және консулдыққа «барлық қызмет пен өкілеттікті тоқтату» туралы «нақты талаптар» қойғаны туралы хабарлады.

Қытай тарапы қазіргі уақытта Бейжің мен Вашингтон арасындағы туындаған қарым-қатынаста «жауапкершілік толығымен АҚШ кінәлі», деп тауып «Біз тағы да Құрама Штаттарды жасаған қате шешімнің күшін жоюға және екіжақты мемлекетаралық қатынастарды қалыпқа келтіру үшін қажетті жағдай жасауға шақырамыз», - деген қытай сыртқы істер министрлігі.