World Weather Attribution ғылыми жобасы аясында еуропалық ғалымдар Еуропаның 12 ірі қаласында тіркелген өлім жағдайларын зерттеді. Талдау қорытындысы климаттың өзгеруі болмаса, аномальды ыстықтан қайтыс болғандар саны шамамен үш есе аз болар еді деген тұжырымға алып келді.
2025 жылдың 23 маусымы мен 2 шілдесі аралығында, Еуропаның кейбір аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асқан. Осы кезеңде 2,3 мың адам аптап ыстықтың және оның денсаулыққа тигізген салдарының салдарынан көз жұмған.
Ғалымдардың есебінше, егер экстремалды ыстық толқындары мен жаһандық жылыну болмағанда, сол адамдардың 1,5 мыңы аман қалуы мүмкін еді.
Зерттеушілер нақты деректерге сүйене отырып, климаттық өзгерістер ескерілмеген гипотетикалық сценарийлерді жасап, нәтижені салыстырмалы түрде бағалаған.
Өлім-жітімнің 88 пайызы – 65 жастан асқан адамдар арасында тіркелген. Лондондағы Империал колледжінің зерттеушісі Бен Кларктың айтуынша:
«Аномальды ыстық орман өрттері немесе дауылдар сияқты көзге көрінетін қираулар әкелмейді. Бірақ оның салдары байқалмайды, алайда өте қауіпті. Бар болғаны 2–3 градусқа жоғарлаған температура мыңдаған адамның өмірі мен өліміне себеп болуы мүмкін».
Бұл зерттеу климаттық өзгерістердің тікелей адам өміріне төндіріп отырған қатерін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.