Ыстамбұлдағы түнгі клубта шыққан өрттен 29 адам қаза тапты
Түркияның Бесікташ аймағында 16 қабатты ғимараттың жертөлесінде шыққан өрттен 29 адам қаза тапты.
South China Morning Post хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен қала мэрі Экрем Имомоглу жертөледе түнгі клуб орналасқанын мәлімдеген. Өрт осы түнгі клубтан шыққан деген болжам бар.
Дереккөздің мәліметінше, осы уақытқа дейін апаттан кемінде 29 адам қаза тапқан. 10-нан астам азамат зардап шекті.
Ғимараттың жертөлесінде орналасқан «Masquerade» түнгі клубы бұл уақытта жөндеу жұмыстарына жабылған, аумақта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өрт салдарынан ғимараттың бірінші және екінші қабаттары қатты зақымданған.