Ыстамбұл әуежайында тарихи оқиға орын алды
Ыстамбұл әуежайы бір мезетте үш ұшақты қондырған алғашқы еуропалық әуежай ретінде тарихқа енді.
CNN Türk мәліметінше, 20 сәуір күні әуежай бір уақытта Стокгольм, Анталья және Парижден ұшып келген үш ұшақты қабылдады.
Айта кетейік, Түркиядағы бұл әуежай – Еуропада қатар орналасқан үш ұшу-қону жолағында бір мезетте ұшақтарды қабылдау жүйесін енгізген алғашқы әуежай. Сол күні үш ұшақ әуежайдан қайта ұшып шыққан.