Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстаннан поездар Өзбекстан арқылы Грузияға жүк тасуда
14:32 / 2020-01-28

Қазіргі күнде Өзбекстанның транзиттік жолдары арқылы 7 млн тонна жүк тасымалы жасалады


Осы уақытқа дейін Өзбекстан қолдан берген транзиттік бағыттарды қайтарудың жолын біршамасын қолға алғаны сезіле бастады. Оны Қырғыстаннан Өзбекстан арқылы Грузияға жүк артылған поездің алғашқы сапары жеткенінен-ақ аңғаруға болады.

Кешегі жабық жолдардың барлығы ашылып, шекаралық жағдай оңалған соң көрші елдерде бірігіп ортақ мәмілеге келе бастады. Осы орайда өткен жылдың соңына қарай Ташкентте Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан теміржол басшылары кездесу өткізгені жағдайдың серпіді түс ала бастағанынан дерек берген еді.

Кездесудің негізгі мақсаты 2020 жылдың бірінші тоқсанында мультимодальды маршрут бағытын құру болатын. Атаулы жоба Өзбекстан арқылы жүк тасымалын жасау. Бүгінге келіп бұл жобаның өз діттеген мақсаты орындалып алғашқы жүктасымалы Қырғыстаннан Өзбекстан арқылы Грузияға жеткен, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз хабары.

Серіктестер бұл жобаны дамытуға байланысты «Азия-Тынық мұхиты елдері - Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан - Түрікменстан - Әзірбайжан - Грузия - Еуропа» бағытында халықаралық мультимодальды маршрутын жолға қою жайлы ақылдасып, транзит бағытына бірыңғай тарифтер енгізе тұрып бірдей тәсіл қолданылуға келіскен. Бұл жоба тек Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттері арасында емес бәлкім Европа мен Азия континентінің басқада елдерімен сауда жасауға оң ықпал ету мүмкіндігін береді.

Қазіргі күнде Өзбекстан аумағы арқылы 7 млн тонна жүк тасымалы жасалады. Ал, елдің қуаты жыл бойына 16 млн тоннаны жүкті өткізуге жетеді. Осы транзиттік бағытты дамыту жөнінде Мемлекет басшысы арнайы тапсырмалар берген болатын.