Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстанда 30 шілде – COVID-19 құрбандарын еске алу үшін ұлттық аза тұту күні
19:52 / 2020-07-25

Бұл жөнінде Перзидент Сооронбай Жээнбеков «Биринчи радиоға» берген сұхбатында айтты


Қырғызстан 30 шілдеде коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялайды, деп мәлімдеді ел президенті Сооронбай Жээнбеков.

Перзидент «Биринчи радиоға» берген сұхбатында «Уақытынан алдын айтқым келмеген еді, бірақ сол туралы сөз қозғалғаннан кейін айтқанды жөн деп ойлаймын. 31 шілде күні біз Құрбан айт мерекесін тойлаймыз. Ал 30 шілде бүкіл ел бойынша Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады. Соған орай жарлық шығады», - деген Сооронбай Жээнбеков.

Соңғы дерекке сай, Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 1 249 адам қайтыс болды. Коронавирусты жұқтырғандардың саны 32124-ке жетіп, олардан 19 мыңнан астам науқас сауығып шыққан.