Қырғызстан СІМ басшысы Өзбекстанға келеді
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев бастаған делегация 2020 жылдың 5-6 қарашасында Өзбекстанға жұмыс сапарымен келеді
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев бастаған делегация 2020 жылдың 5-6 қарашасында Өзбекстанға жұмыс сапарымен келеді.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сапар бағдарламасында Үкімет, Сыртқы істер министрлігі, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі және басқа мекемелермен кездесулер жоспарланған.
Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланбақ.