Қырғызстан Президенті Ташкентке келді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Өзбекстанға жұмыс сапарымен және Орталық Азия мемлекеттері басшылары Кеңесінің екінші отырысына қатысу үшін жетіп келді.
Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақты Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Бүгін, 29 қарашада Орталық Азия елдері басшыларының екінші Консультациялық кездесуі өтеді.