Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков өз қызметінен кеткенін мәлімдеді
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын жариялады
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Президент сайтында жарияланған хабарға сай, Сооронбай Жээнбеков бүгін, 15 қазанда елдегі қазіргі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қырғыз халқына үндеу жасап өзінің қызметтен кеткендігін айтқан.
«Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен биік тұрады. Мен үшін әр жерлесімнің өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Мен Жапаровты және басқа саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан алып кетуге және Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын», - делінген Жээнбековтің үндеуінде.