Қырғызстан премьер-министрі өз мандатынан бас тартты, президент қабылдады
Премердің отставкаға кетуіне елдегі радио жиіктердің ұялы байланыс опреторларына сатылып кеткеннен кейін туандаған дауға байланысты орын алған
Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкали Абилгазиев радио жиіліктерді сатуға байланысты өршіген дау бойынша өз мандатынан бас тартып, отставкаға кетуге шешім қабылдады.
Бұл даудың келіп шығуы елдегі екі радио жиіліктері Қырғызстандағы ұялы байланыс операторларының біріне 1000 және 700 қырғыз сомына сатылған. Нәтижесінде мемлекетке миллиардтаған сом шығын келген. Бұл оқиғаға байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік байланыс агенттігінің бұрынғы директоры Наталья Черногубова және бірқатар арнайы қызметкерлер қамауға алынып, 20 мамырдағы парламент отырысында депутат Жанар Ақаев осы процеске премьер-министрдің де байланысы болуы мүмкіндігін алға тартқан. Өйткені Ақаевтың айтуынша, радиожиіліктерді премьер-министрдің рұқсатынсыз сатуға болмайды. Ол келтірілген шығынды 5 миллиард қырғыз сомына бағалады.
Осы жағдайларға орай премьер-министр өзінің оған ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеп, елдегі коронавирустық ахуал мен экономикалық жағдайдың күрделі кезеңінде үкімет тұрақты және қоғамның толық сенімін қамтамасыз етуі керек, ал түсініксіздік үкіметтің толық жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, деп отставкаға кетуге шешім қабылдаған. Оның өз қызметінен кету өтінішін президент қабылдап, қызметінен босатылуы жөнінде құжатқа қол қойған.