Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды
Баткен облысы, Эки-Таш аумағында Тәжікстаннан белгісіз біреулер, Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің әскери қызметкеріне оқ атқан
Қырғызстанның Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып бір әскери жарақат алған.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша Баткен облысы, Эки-Таш аумағында Тәжікстаннан белгісіз біреулер, Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің әскери қызметкеріне оқ атқан. Нәтижеде шекарашы қолынан жарақат алған.
Осы жағдайдан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашыларының өкілдері жағдайды талқылау кездесу өткізуде.
Екі ел арасындағы жалпы шекаралық аумақ 976 шақырымдық құрайды. Қазірге дейін оның тек 504 шақырымы нақты келісімді аймақ есептеліп, қалған бөлігі айқындалмауының арқасында арагідік осы сынды келіспеушіліктер болып тұрады.
Маусым айында екі ел шекарасында төрт рет дәл осындай жағдай орын алған болып, онда екі елдің шекара қызметі бір-бірін арандату мен оқ атуда айыптаған.