Ёсихидэ Суга Жапония Премьер-министрі болды
Парламенттегі Өкілдер палатасында ең көп дауыс алған Ёсихидэ Суга Жапонияның жаңа Премьер-министрі болып сайланды
Парламенттегі Өкілдер палатасында ең көп дауыс алған Ёсихидэ Суга Жапонияның жаңа Премьер-министрі болып сайланды.
Оның кандидатурасын парламенттің төменгі палатасында - Өкілдер палатасының 465 депутатының 314-і қолдаған болса, кеңесшілердің жоғарғы палатасында 245 депутаттың 142-сі Ёсихидэ Суга дауыс берген.
71 жасты Ёсихидэ Суга - тамыз айының соңында денсаулығына байланысты қызметінен кеткен бұрынғы Премьер-министр Синдзо Абэнің жақын серігі. Абэ Жапонияның премьер-министрінің қызметін бұрынғылардан ең ұзақ басқарған саясаткер. Ал, Суга 2012 жылдан бері Жапония кабинетінің бас хатшысы болып жұмыс істеген.