Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Йеменде мигранттар үйі өртеніп сегіз адам қаза болды
15:17 / 2021-03-08

Жексенбі күні Йемен астанасы Санадағы мигранттарды уақытша ұстау орталығында өрт шығып сегіз адам қаза тауып, тағы 170 адам жарақат алды.

«Біз Сана қаласындағы мигранттарды уақытша ұстау изоляторындағы өрттен босқындар мен күзетшілердің қазасынан қатты қайғыдамыз. Сегіз адам қаза тапты, дегенмен, қаза болғандардың саны бұдан да көп болады деп күтілуде. Біз қаза болғандардың отбасыларымен және зардап шеккендердің барлығына көңіл айтамыз», - делінген Халықаралық көші-қон ұйымының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша кеңсесінің хабарында.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Осы оқиға салдарынан жарақат алған 170 адамға ұйым тарапынан медициналық көмек көрсетілуде, жараланғандардың тоқсанының жағдайы ауыр.