Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Йемен астанасындағы қақтығыстан 80-ге жуық адам қаза тапты
15:23 / 2023-04-20

Йемен астанасы Сана қаласында Рамазан айында көмек тарату шарасы кезінде болған жаппай төбелес салдарынан кем дегенде 85 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды.

Associated Press басылымының дерегінше, қайғылы оқиға жүздеген адам мұсылмандардың қасиетті айында жергілікті қалталы азаматтардың садақа ретінде беретін аз ғана ақшасын (5 000 йемен) аламыз деген үмітпен мектеп ғимаратының алдына жиналған кезде орын алған. 

Ел ішкі істер министрлігінің өкілі халық төбелесіне жергілікті биліктің келісімінсіз ақшаның «кездейсоқ таратылуы» себеп болғанын мәлімдеп, оқиғаға кінәлілер ұсталғаны және тергеу жүріп жатқанын айтқан.