Ява аралында жанартаудың атқылағаннан кейінгі фотосуреттер жарияланды
4 желтоқсанда Индонезияның Ява аралындағы Семеру жанартауы атқылады. Одан шыққан күл мен күкірт маңайдағы ауылдарды басып, жергілікті тұрғындарда үрей тудырды. Үкімет тауда тұратын адамдарды дереу эвакуациялауға кіріскен.
Жанартау атқылауы нәтижесінде күл бағанасы 15 шақырым биіктікке көтеріліп, әуе компаниялар бағытын өзгертуге мәжбүр болды.
Ауаға көтерілген күл бағанасы оның айналасындағы 11 ауылды басып қалды. Құтқару жұмыстары аймақтың көрінуіне, электр қуатының үзілуіне және тропикалық жауын-шашынға байланысты қиындауда.
Соңғы мәліметтер бойынша, табиға апат салдарынан 56 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланған. Ауруханаға жатқызылғандардың көпшілігі күйік шалған.
Ява провинциясындағы Лумаджанг округінен жалпы 900-ден астам адамды эвакуацияланған.


