Янник Синнер «Citi Open» турнирі жеңімпазы болды
АҚШ астанасы Вашингтон қаласында теннистен ATP турнирі аяқталып, онда италияндық 19 жастағы Янник Синнер жеңімпаз атанды.
«Citi Open» турнирі финалында әлемнің 24-ші ракеткасы Янник Синнер америкалық теннисші Маккензи Макдональдты 2 сағат 52 минутқа созылған кездесуде 7/5, 4/6, 7/5 есебімен жеңіп, ATP-дегі үшінші жүлдесіне қол жеткізді.
Бұл теннисшілер арасындағы алғашқы кездесу болды. Турнирдегі сәтті жеңісі үшін 19 жастағы итальяндық 500 рейтинг ұпай мен 350 755 доллар ақшалай сыйлыққа ие болды.