French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Янник Синнер Australian Open чемпионы атанды
12:32 / 2025-01-27

Дүниежүзілік теннис рейтингінің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер Мельбурнде өткен «Үлкен дулыға» сериясына кіретін Australian Open 2025 турнирінің чемпионы атанды.

2 сағат 42 минут жалғасқан финалда ол әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі, Германиялық Александр Зверевті 6:3, 7:6 (7:4), 6:3 есебінде ұтты.

Осылайша, 23 жастағы италиялық теннисші Австралиядағы турнирде қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Сонымен қатар, 2024 жылы ол тағы бір «Үлкен дулыға» турнирінің – АҚШ-та өткен US Open чемпионатының жеңімпазы атанған еді.