Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Янник Синнер ATP-250 турнирінің жеңімпазы атанды
12:25 / 2023-02-13

Италиялық теннисші Янник Синнер Монпельеде (Франция) өткен ATP-250 турнирінің жеңімпазы атанды.

АТР рейтингінде 17-ші ракеткашы саналатын Синнер 1 сағат 37 минутқа созылған финал кездесуінде америкалық теннисші Максим Крессиді (АТР 51-ші) 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша 21 жасты италияндық мансабындағы жетінші титулына ие болды.

Турнирдегі жеңіс Янник Синнерге 250 рейтингтік ұпай мен 85 605 еуро жүлде әкелді.

Еске сала кетсек, өткен жылы қазақстандық теннисші Александр Бублик турнир жеңімпазы атанған болатын.