Янник Синнер АҚШ-та «Masters» турнирінің жеңімпазы атанды
АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен теннистен «Masters» турнирі италиялық Янник Синнердің жеңісімен аяқталды.
Әлемнің бірінші ракеткасы шешуші финалдық кездесуде ATP рейтингінде 20-шы орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафоны 7/6(4), 6/2 есебімен ұтты. Теннисшілердің кездесуінде Янник алда – 4:1.
Осылайша, Синнер мансабындағы 15-ші жүлдесіне қол жеткізді. Бұл оның маусымдағы бесінші және «Masters» сериясындағы үшінші жеңісі болды.
Сәтті жеңіс италиялық теннисшіге 1000 рейтингтік ұпай мен 1 млн 49 460 АҚШ долларын әкелді.
Тиафо бір апта ішінде Цинциннатидегі турнирден 650 ұпай және 573 090 доллар тапты.