Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұялы телефон арқылы түсірілген жолдағы заң бұзушылықтар үшін де айыппұл салынады
11:23 / 2020-11-12

Өзбекстанда енді мобильді құрылғылар көмегінде түсрілген жолдағы заң бұзушылықтар ды дәлелдеуші бейне таспа үшін де айыппұл қолданылатын болды.

Үкіметтің тиісті қаулысымен (№713, 11.11.2020ж.) Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтармен күрес жөніндегі қолданыстағы ережелерге өзгертулер енгізілді.

Осы өзгертулерге орай, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бейнебақылау және бейнекамералар мен мобильді құрылғылар арқылы тіркеген заң бұзушылықтар таспаланған бейнежазбалар арнайы автоматтандырылған фото және бейнежазба жабдығы түсірген бейнетаспаға теңестіріліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген тәртіппен қаралады. 

Бұрын тек бейнетіркеуішке жазылып жіберілген кескіндер ғана қарастырылатын да, басқа видеотехникалар, әсіресе ұялы телефонға түсірілген бейнелер айыппұл салуға негіз бола алмады.

Алдағы уақытта азаматтар көшедегі құқық бұзушылық туралы бейнежазбаларды «ejarima.uz» сайты арқылы құзыретті органға жіберуі мүмкін.