Яир Лапид Израиль премьер-министрі болды
Бейсенбіден жұмаға қараған түн ортасында Израиль үкіметінің басшылығы ресми түрде Нафтали Беннетттен (Жаңа құқықтар партиясы) Яир Лапидке (Йеш Атид партиясы) ауысты.
The Times of Israel басылымының хабарлауынша, Яир Лапид жаңа үкімет жарияланғанға дейін Израиль министрлер кабинетін басқарады.
«Біз күшті және гүлденген еврей демократиялық мемлекеті үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, өйткені бұл біздің жұмысымыз және бұл ең маңызды», - деген ол.
Лапид биыл 1 қарашадағы кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы бойынша жасақталуы жоспарланған жаңа министрлер кабинеті жарияланғанға дейін үкіметті басқарады. Бұл сайлау Израильдің соңғы үш жылдағы бесінші сайлауы болмақ. Беннетт бұған дейін оларға қатысуға ниеті жоқ екенін мәлімдеген.