XVI жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті
24 тамыз күні Жапония астанасы Токио қалассында XVI жазғы Паралимпиадалық ойындардың ашылу салтанаты өтті.
Жапония ұлттық стадионында көрерменсіз өткен салтанатты ашылу рәсімінде Өзбекстан туын параканоэ бойынша әлем чемпионы Шахноза Мирзаева мен пара атлет Мухаммад Рихсимов ұстап шықты.
24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін жазғы ойындар сайысына әлемнің 136 елінен 4 мыңнан астам паралимпиадалық спортшылар қатысатын болып, алғашқы жарыстар 100 метрге баттерфлей әдісімен жүзуден старт алмақ.
Паралимпиада ойындарына Өзбекстан құрамасынан 48 спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрінің 55 бағыты бойынша жүлделерге таласады.
Еске салар болсақ, бұған дейін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары пандемия жағдайына қарамастан белігленген мерзімде (23 шілде мен 8 тамыз) сәтті өткен болатын.










