Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
XIII Ташкент халықаралық кинофестивальі күзде өтеді
17:38 / 2021-06-21

1968 жылдан бастап 1997 жылға дейінгі аралықта ұйымдастырылған Ташкент халықаралық кинофестивальТашкент халықаралық кинофестиваліі 2021 жылдың күз айынан бастап жыл сайын өтеді.

Мемлекет басшысының жарлығымен 2021 жылдың 28 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында «Жібек жолының жауһары» XIII Ташкент халықаралық кинофестивалі «Бейбітшілік, даму және ағарту» ұраны астында ұйымдастырылады. 

Кинофестиваліді өткізуден мақсат - кино өнері арқылы әлем елдері арасындағы мәдениетаралық диалогты одан әрі нығайту және дамыту, әлемдік киноиндустрия өкілдерімен бірлесіп бірлескен киножобалар жасау. Өзбекстанға әр түрлі елдерден қазіргі әлемнің мәдени әралуандығын көрсететін ізгілік пен төзімділікті, халықтар достығын насихаттайтын үздік кинематографиялық туындыларды тарту. Сонымен қатар ұлттық кинематографияны одан әрі дамыту және оның халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру және осы өнер түрі арқылы халқымыздың бай тарихы мен ерекше мәдениетін әлемге кеңінен насихаттау болып табылады. 

Айтулы іс-шара қарсаңында шетелдерде өзбек киносы күндерін және Өзбекстанның барлық аймағында шетелдік кинематография күндерін ұйымдастыру көзделген болып, Азия мен ежелгі Жібек жолының бойында қоныс тепкен елдердегі жас режиссерлердің қысқаметражды фильмдерінің фестивалін өткізу және жеңімпаздарды марапаттау, соның ішінде конференция, дөңгелек үстел жиыны, әлемге танымал киногерлер қатысуында шеберлік сыныптары мен шығармашылық кездесулер өткзу жоспарланған.

Осы кинофестиваліді ұйымдастыру шетелдік және отандық кинокомпаниялар, киностудиялар мен телекомпаниялардың қатысуында кино нарығын құру, фильмдер, сериалдар мен басқа да аудиовизуалды өнімдерді өзара алмасуына, сатып алуы және сатуына көмектесу. 

Қаулыға сай, кинофестивальға дайындық және оны өткізуге Ұлттық кинематографияны дамыту орталығына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тұрақты негізде жұмыс жасайтын 9 маман тартылады. 

Кинофестивал аясында өтетін Азия мен ежелгі Жібек жолының бойында қоныс тепкен елдердегі жас режиссерлердің қысқаметражды фильмдерінің фестивалі жеңімпаздары арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады:

  • 1 орын – 15 мың доллар;
  • 2-орын - 10 мың доллары;
  • 3-орын – 7 мың доллар.

Кинофестиваль бағдарламасында көрсетілген іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне байланысты тиісті шығындарды жергілікті бюджеттен өтеу көзделген. Фестивальдің ашылу және жабылу салтанаты мен басқа да іс-шаралар концерттік бағдарламаларын ұйымдастыру Мәдениет министрлігі және Кинематография агенттігіне жүктелді.  

XIII Ташкент халықаралық кинофестиваліне БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ЮНЕСКО, АЙСЕСКО, FIAPF және басқа да халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Өзбекстандағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өкілдерін шақыру қарастырылған.