Қытайдың Xiaomi компаниясы SU7 электромобильі ресми түрде таныстырды.
28 желтоқсанда Xiaomi компаниясы өзінің алғашқы SU7 электромобильін ресми түрде таныстырды. Оның суреттері бұрын да интернетте пайда болған.
SU7 - мемлекеттік Бейжің Автомотивімен (BAIC) бірлесіп жасалған бес орындық седан. Модель атауындағы әріптер Speed Ultra дегенді білдіреді.
Модель екі нұсқада шығарылады:
- Xiaomi SU7: 299 ат күші бар жалғыз қозғалтқыш, 100 км/сағ 5,28 секундта шығады, максималды жылдамдығы 210 км/сағ, толық қуатта 668 км қашықтық жүреді.
- Xiaomi SU7 Max: 673 ат күшіне ие екі қозғалтқышы бар ол 100 км/сағ жылдамдыққа 2,78 секундта шығады, максималды жылдамдығы 265 км/сағ және толық қуатта 800 км қашықтықты басып өтеді.
Электр қуатын Қытай нарығының көшбасшылары Contemporary Amperex Technology және BYD аккумуляторлары қамтамасыз етеді. Жылдам зарядтау мүмкіндігі бар: 220 км жол жүру үшін 5 минут, ал 510 км үшін 15 минут жеткілікті.
Барлық электроника Xiaomi смартфондарымен біріктірілген HyperOS жүйесінде жұмыс істейді.
Xiaomi 15-20 жылда электромобильдер нарығында көшбасшы болуға, сондай-ақ Tesla және Porsche-мен бәсекелесуге үміт білдірген.
Компания әзірге көлік бағасы мен сатылымның басталу күнін жариялаған жоқ.