French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Xiaomi компаниясы жаңа смартфондарын таныстырды
18:29 / 2022-07-05

Xiaomi компаниясы 12S және 12S Pro смартфондарының сатылымға шығатынын жариялады.

Екі смартфон да Snapdragon 8 Plus Gen 1 процессорымен жабдықталған.

Xiaomi 12S диагоналы 6,28 дюймдік AMOLED-экранға ие. Ол 50, 13 және 5 Мп камералармен жабдықталған ьолып, 8K форматында бейне түсіре алады. Батареяның сыйымдылығы 4500 мАс, сымды және сымсыз зарядтау мүмкіндігі қарастырылған.

Xiaomi 12S Pro смартфоны 12S-тен сыртқы көрінісіне байланысты артқы камераның орналасуы ерекше дизаинмен жасалған.

Смартфон 6,73 дюймдік LTPO экранмен жабдықталған. Оның негізгі камерасы 50 Мп және тағы екі 50 Мп камерасы бар. Батареяның сыйымдылығы 4600 мАс.

Компания дерегінше смартфондардың сатылымы бірінші кезекте Қытай нарығына шығады. 

  • Xiaomi 12S бағасы 3999 юаньнан басталады – шамамен 599 АҚШ доллары.
  • Xiaomi 12S Pro 4699 юаньнан сұралады – шамамен 702 АҚШ доллары.