«Xiaomi» компаниясы ZMI бренді астында смартфонды зарядтаушы қол жылытқыш апаратын жасады.
Қытайлық компания өзінің ұжымдық қаржыландыру платформасында портативті батарея ретінде жұмыс істейтін қол жылытқышын ұсынды. Ол бір уақыттың өзінде смартфон зарядтаушы және қол жылытқыш қызметін атқаруы мүмкін.
Жұдырықтай тас секілді құрылғы ішіне 5000 мА сыйымдылыққа ие батарея орналасқан болып, ол 4 сағат жылыту режимінде жұмыс істей алады. Ал iPhone 12 смартфонын зарядтауға 5 ватт қуат көзіне 54 минут уақыт кетеді.
Корпустың ішінде жылу шығаратын қыздыру элементтері бар және олар Цельсий бойынша 52 градусқа дейін жылу береді. Бұл адамдар үшін қауіпсіз температура. Осылайша, қыста қолды жылыту үшін құрылғыны пайдалануға болады.
Құрылғыда смартфондарды зарядтаудан бөлек, фитнес білезіктерді, құлаққаптарды және басқа да шағын гаджеттерді зарядтауға болады. Сонымен қатар, құрылғы жарықдиодты шам ретінде қолданыла алатын жарықдиодты шаммен жабдықталған.
ZMI «Hand Warming Power Bank» жаңа өнімінің бағасы 13 доллар тұрады.