Xiaomi компаниясы Брюс Лидің құрметіне арнайы смартфон шығарды
Xiaomi компаниясы Гонконгтық киноактер және қытай жекпе-жек өнер шебері Брюс Ли құрметіне арнап шығарған арнайы смартфонды таныстырды.
Жаңа өнім Xiaomi-ге тиесілі Redmi бренді болып, ол мобильді ойын жанкүйерлеріне арналған Redmi K40 нұсқасы. Гаджеттің ерекше арнайы нұсқасында Брюс Лиге арналған нұсқа, деген жазуы бар.
My Drivers хабарында, «Redmi K40 Bruce Lee Special Edition» смартфонының сыртқы пішіні актердің фильмдегі жекпе-жекте киген танымал спорттық сары-қара түсті бейнесіне ыңғайланғанын көруге болады.
Сондай-ақ, смартфонның қорабында Брюс Лиге арналған кітапша бар болып, оның зарядтағышы және деректер кабелі сары түсте жасалған.

Құрылғы қазіргі кезде Қытай нарығында тек бір нұсқада қол жетімді болып, 2799 юань (430 доллар) бағамен сатылуда.