Xiaomi компаниясы адамның бет-жүзін танитын функциясы бар «ақылды» есік ойлап тапты.
Hi-Tech порталының хабарлауынша, қытайлық компания «ақылды» есік жобасын іске қосу үшін краудфандинг платформасында қаражат жинауда.
Қазіргі уақытта ақылды есіктің үлгілері мен атауы бар - Xiaobai Blade Star.
Құрылғыны бет-жүзді тану арқылы құлпын ашудан бөлек қосымша саусақ ізі сканері, құпия сөз немесе NFC пайдалануға болады. Сондай-ақ оның екі дисплейі бар: 5 дюймдік сыртқы және 10,1 дюймдік интерьер.
Бүкіл жүйе сегіз ядролы MadiaTek Kompanio 500 процессорына негізделген. Смарт есік 1 метр қашықтықта адамды бір секундтан аз уақыт ішінде тани алады.
«Ғажайып есік» екі камерамен жабдықталған - түнгі көру режимі және қарапайым. Толық бейнеқоңырау және есік арқылы сөйлесу үшін микрофон да бар. Гаджет жұмысына PIR (қозғалысты анықтайтын пассивті инфрақызыл сенсор) көмектеседі.
Құрылғыны Xiaomi компаниясының «ақылды» экожүйелік үйлерімен біріктіруге болады. Қолданбаны орнату кезінде смартфонмен кіру есігін синхрондау мүмкіндігі қарастырылған. Үй иесі абайсызда есікті ашық қалдырса немесе үйде болмаған кезде біреу кірген жағдайда, лезде хабарлама келеді.
«Ақылды» есіктің бірнеше түрлі өлшемдері және екі түрлі түсі бар: сұр және қоңыр. Есікті 7999 юаньға (1250 доллар) алдын ала тапсырыс беруге болады. Краудфандинг жобасы аяқталған кезде оның құны 12 999 юаньға (2 050 доллар) өсетіні айтылған хабарламада.