WTA ATP-мен бірдей ақшалай жүлдеге қол жеткізу үшін инвесторларға 20 пайыз акциясын сатады
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығымен (ATP) бірдей ақшалай жүлдеге қол жеткізу үшін инвесторларға 20 пайыз акциясын сататынын мәлімдеді.
The Times-тің хабарлауынша, WTA акцияларының 20 пайызын CVC Capital Partners жеке капиталға сатады деп хабарлайды. Мәміле сомасы 180 миллион долларды құрайды.
Бұған дейін консалтингтік компания ATP және WTA бірігуі үшін 600 миллион доллар ұсынған, бірақ ATP келіссөздерден бас тартқан еді.