World Boxing ұйымына тағы алты бокс федерациясы қосылды
Қытай, Түркия және тағы төрт бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылды.
Бұл туралы ұйымның ақпарат қызметі хабарлады.
«World Boxing Атқарушы кеңесі ұлттық бокс федерацияларының мүшелерін 84 мемлекетке көбейту бойынша тағы алты өтінішті мақұлдады.
Алты жаңа мүше: Қытай бокс федерациясы, Түркия бокс федерациясы, Судан бокс федерациясы, Черногория бокс ассоциациясы, Словакия бокс федерациясы және Греция бокс федерациясы», делінген ұйым хабарламасында.
Айта кетейік, Өзбекстан да осы ұйымның ресми өкілі болып саналады.