World Boxing құрамына 5 ұлттық федерация қосылды
Бүкіләлемдік бокс ұйымы тағы 5 ұлттық федерацияны қосқанын хабарлады.
Қытай Тайпей, Пәкістан, Бутан, Фиджи және Эквадор бокс федерациялары Дүниежүзілік бокс ұйымына мүшелікке қабылданды. Осылайша ұйымға мүше мемлекеттердің саны 42-ге жетті.
ХОК мойындау үшін ұйым мүшелерінің саны үш континенттен кемінде 50 елден асуы керек.
Ұйым жақында жаңа мүшелер қосылатынын мәлімдеді. Ұйымды ХОК мойындаса, мүшелер 2028 жылы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатыса алады.